Ақтөбелік оқушылар «ЭКСПО қалашығы» көрмесін ұйымдастырды

Ақтөбе қаласында Темір ауданының күндері өтіп жатыр. Аудандағы оқушылар «ЭКСПО қалашығы» көрмесін ұйымдастырды, деп тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласында Темір ауданының күндері өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындары Сәңкібай батыр ескерткішіне гүл қойды. Кейін Тұңғыш  Президент атындағы орталық саябақта «ЭКСПО қалашығы» атты қолөнер көрмесі өткізілді. Аудан оқушылары өздері зерттеп жүрген ғылыми еңбектерін көрсетті.

«Екі жыл бұрын жеміс-жидек пен көкөністен қуат алу жолын зерттедім. Интернеттен зерттеу жұмыстарын қарап, облыста өткен кіші ғылым академиясы жарысында екінші орын алдым. Зерттеу жұмысым бойынша мыс пен мырыш котоды арқылы алмадан қуат алдым. Бес алмамен қызу өлшейтін құралды, екі лимонмен бір шамды іске қостым. Ең көп энергия піскен картоптан алынды. Қайнаған кезде картоптағы бар энергияны су алып кетеді деп ойлағанмын, бірақ бәрі керісінше болып шықты. Өзім таң қалдым»,- деді Ж.Кереев атындағы орта мектептің оқушысы Еркеназ Қуанышқалиева. Мектеп оқушысы алдағы уақытта ғылым жолын емес, құрылысшы мамандығын таңдағысы келеді.

«ЭКСПО қалашығы» көрмесінде пластикадан, қамырдан жасалған кәдесыйлар болды. Оқушылар көрмеге екі апта дайындалып, жүзге жуық бұйым әкелген.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің эмблемалары бейнеленген магнитті кәдесыйларды пластикадан жасадық. Темір аудандық көркемсурет мектебінің, оқушылар сарайының балалары мен мұғалімдері арнайы дайындады. Экстра тұз бен ұнды суға араластырып, қамыр илеп, әдемі магнитті сый ұсынып отырмыз. Мұны тоңазытқышқа іліп қоюға болады»,- деді Темір аудандық көркемсурет мектебінің директоры Максим Черков. Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары сатылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе