2017 жылға қарай 9 сынып оқушылары «Дінтану» пәнін міндетті пән ретінде оқитын болады

АСТАНА. 24 Бүгін ҚР Бас прокуратурасында талқыланған Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2017 жылға дейін еліміздің барлық мектептерінің 9 сынып оқушылары «Дінтану» пәнін міндетті түрде оқитын болады.Бұл туралы Бағдарлама туралы өз ойымен бөліскен Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы айтты.

«Бағдарламада көп нәрсе қарастырылған. Ең бастысы, мектеп жасындағы балаларға бұрын 9 сыныпқа арналған Дінтану пәні таңдаулы пән ретінде жүрген болса, осы бағдарламада соны міндетті етіп бекіту жағы қарастырылып отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, бағдарламада сондай-ақ, арнайы роликтер, фильмдер түсіру, кітаптар, кітапшалар шығарып, тарату, ғылыми-зерттеу институтын құру сияқты кешенді, ауқымды жұмыстар қарастырылған.

Айта кету керек, Бағдарламаның жобасында жазылғандай, 2017 жылға қарай техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында да жастардың дәстүрлі діндерді жан-жақты түсініп, түрлі жат ағымдардан бойын аулақ ұстайтындай деңгейде діни білімді үйрету мәселесі де 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады.

«Егер осы бағдарламада қарастырылған барлық мақсаттар іске асып, бес жыл бойы жұмыс істейтін болса, экстремизм мен терроризмнің алды алынады деген пікірдемін», - деп ой түйді Қ. Жолдыбайұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе