Тұңғыш түлектер әскери оқу орнында бас қосады

АСТАНА. 22 Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін тұңғыш бітірушілер кездесу өткізбек.Қазақстан Қарулы Күштеріне әскери мамандар даярлаудың ұстаханасы саналатын Құрлық әскерлерінің Әскери институты әскери мамандар әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Өзінің 43 жылғы тарихында Құрлық әскерлерінің Әскери институты Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты.

«Қазақстан армиясы жауынгерлік әлеуетінің ажырамас бөлігі саналатын оқу ордасының түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік тапсырманы лайықты әрі абыроймен атқарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Достастық елдерінің ұлттық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіндік үлестерін қосуда», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірушілер арасынан - 54 генерал шықты, оның 23-і қазақстандық. Оқу орнынан 10 мыңнан астам мамандар қанат қақты, олардың 400-ден астамы өз жауынгерлік борышын Ауғанстанда және басқа да ыстық нүктелерде өтіп, Тәжікстан мен Иракта бітімгерлік операцияларға қатысып, жоғары мемлекеттік наградаларға қол жеткізді.

Кездесу барысында түлектер Құрлық әскерлері Әскери институтының мұражайын тамашалап, жоғары оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысады, казармаларды аралайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе