Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдық дамуының үшінші мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізді

Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдық дамуы мақсаттарының үшінші мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.«Қазақстан белгілі бір мақсатқа қол жеткізді. Мысалы, үшінші мақсат  (балаларды бастапқы біліммен қамту) мерзімінен бұрын еңсерілді. Сондықтан да Қазақстан қосымша міндеттерді алды, оның ішінде орта білім бойынша қамту мәселелері бар. Бүгін осы мақсатқа қол жеткізу мәселелері талқыланды», - деді Т. Балықбаев Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшісі Хелен Кларктің кездесуінде.

ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстан 129 елдің арасында білім саласын дамыту тұрғысында әлемде 4 орында тұр. Астанадағы кездесу қорытындысы бойынша траптар жаңа жобаларды тиімді іске асыру мақсатында белсенді ынтымақтастықты жалғастырудың мыңыздылығын атап өтті.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлескен жобаларды іске асыруда. Бүгінгі кездесу барысында бұл жобаларға да ерекше көңіл бөлінді», - деді министрдің орынбасары.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе