«Мектепке жол»: Жамбыл облысында аз қамтылған жанұядан шыққан 210 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар тапсырылды

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты балалық», «Бақытты отбасы» жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында партия облыстық және аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары, Саяси кеңес мүшелері тарапынан жалпы облыс бойынша 210 жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетім балаларға мектеп формалары мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар тапсырылды.  Бүгін соның ішіндегі партияның облыстық филиалы Тараз қаласындағы №54 мектептің оқушылары Арғынбаева Дариға мен Ақыл Ақбөпе, №25 мектептің оқушылары Таласбек Қанағат, Қаршыға Алма және Ержігіт Орынбасарларға мектеп формалары, аяқ киім, спорттық киім, сөмке және оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етті.

Партия тарапынан алдағы уақытта да түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жобаларды іске асыру жөніндегі басты индикаторлармен жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе