Астанада 10 мың адамға арналған ең заманауи студенттiк кампустың құрылысы басталады - ЕҰУ ректоры

Астанада 10 мың адамға арналған ең заманауи студенттiк кампустың құрылысы басталады. Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов мәлiм еттi. "Студенттердiң бiлiм сапасы ғана емес, әлеуметтiк жағдайы да үнемi бақылауда болуы шарт. Бiз соңғы жылдары ғана екi жатақхана салдық. Әрине бұның барлығы аз", - дедi ол тiлшiлермен болған сұхбатта. 

Оның айтуынша, Елбасы осыдан бiр-екi жыл бұрын айтқан Жолдауында Алматыда 20 мың, Астанада 10 мың адамға жететiн студенттер қалашығын салуды тапсырған болатын. Қазiргi уақытта ол жұмыс орнынан қозғала бастаған. 

"Екi жылдың жүзiнде оның құрылысы аяқталуы да ықтимал. 45 гектар жер бөлiнген, жобасы бәрi бар. Онда оның iшiнде тек жататын орын ғана емес, тiптi балабақша, дүкендер, кiр жуатын орындар, спорт және кино кешендерiн салу жоспарланған. Барлығы бар, тек қана оқы, сабағыңа бар, бiлiмiңдi ал", - деп атап өттi ол.

Ректордың сөзiне қарағанда, университет жанынан емхана, кинотеатр сынды әлеуметтiк жобалар қолға алынған. 

"Бiз қалашықтың салынуын тоспай, өзiмiздiң емханамызды құрдық. Онда отадан басқасының барлығы жасалады. Күнiне жүз студенттi қабылдап отыр. Сонымен қатар өзiмiздiң кинотеатрымызды ашқан болатынбыз", - деп түйдi сөзiн Е. Сыдықов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе