2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қанша мектеп салынады

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қанша мектеп салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп тілшісі.

Әкімнің дерегінше, 6 мектеп салынған. Бұл 5 мың оқушыны оқу орнымен қамтуға мүмкіндік берді. 2020 жылы 9,5 мың оқушы орнына есептелген 12 мектеп салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 12 мың орындық 8 мектеп салуды бастау жоспарланған. «Қазір қалада 115 мектеп пен 125 мың оқушы бар. Халықтың өсуімен қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме өсуде. 8 мектеп қазір үш ауысымды оқытумен жұмыс істейді. Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жылына кемінде 10 оқу орнын салу қажет. 2020 және 2021 жылдары 12 мектептен саламыз. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Мектептердің құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Өңірлік кеңесте 22 мың оқушы орнына жеке инвестиция есебінен 22 мектеп салу қолдау тапты», - деді А.Көлгінов. Оның айтуынша, кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында) салу жоспарланған. Жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай мектеп орындарындағы ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орынға есептелген мұғалімдерге арналған жатақхана салынды. Оқытушылық кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе