Қытай Жоғарғы Халық Сотының делегациясы Сот төрелігі академиясында болды

Сот төрелігі академиясының ректоры Мұрат Бейбітов Астанаға жұмыс сапарымен келген Қытай Жоғарғы Халық Сотының делегациясы мүшелерімен кездесті.Кездесуге Қытай ұлттық судьялық колледжінің вице-президенті, ҚХР ЖХС-тың азаматтық және коммерциялық құқық саласындағы судьясы Ли Сяоминь, Ақпараттық басқару орталығының Пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Инфрақұрылым және жоспарлау басқармаларының басшылары Шанг Чженглин, Фу Джианжонг және Хуанг Гуодонг, ЖХС түйткілді мәселелерді зерттеу департаментінің доценті, сондай-ақ ҚХР Гуангдон провинциясы ЖХС-ның банкроттық бойынша сотының бас судьясы Динг Хайху қатысты.

М.Бейбітов меймандарды Академияның мәртебесімен, оның құрамындағы институттардың қызметімен таныстырды. Ол сот төрелігі мен сот жүйесі дамуының мәселелерін зерттеу аясында Академия бірқатар халықаралық ұйымдармен және білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылы Академия Беларусь Мемлекеттік Университетімен, Түркия Әділет Академиясымен, Сингапур Сот Колледжімен, Финляндияның Скандинав Академиялық ұтқырлық институтымен және Корея Республикасының Сот зерттеулері және оқыту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде, Академия қызметкерлері мен магистранттары шетелдік оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.

Кездесу барысында Ұлттық судьялар колледжінің вице-президенті Ли Сяоминь қызметкерлер мен магистранттардың біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасу үшін қазақстандық академиямен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Сяоминь мырза қазақстандық академия сияқты Ұлттық Судьялық колледжі көптеген халықаралық ұйымдармен ынтымақтасатындығын және семинарлар өткізу үшін шетелдік мамандарды шақырып отыратынын айтты.

Тараптар екі жақты келіссөздерді одан әрі жалғастыру және ынтымақтастықты тереңдету қажет деген шешімге келді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе