Мектепте хиджаб киюге рұқсат жоқ - М. Әзілханов

Мектепте хиджаб киюге рұқсат жоқ. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов осылай мәлімдеді. Еске салайық, отырыста діни толеранттылық пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланған болатын. 

Отырыс барысында депутаттар сауалына жауап берген вице-министр, қоғамда кеңінен талқыланып жүрген хиджаб тақырыбы өте нәзік мәселе екенін атап өтті. «Соның ішінде, түйіні мектепте діни орамал тағуға бола ма, болмай ма дегенге келіп тіреледі. Ал, қалған жерлерде хиджаб - әр адамның өз еркіндегі шаруа. Сонымен қатар, мектептерде Білім және ғылым министрлігімен бірге атқарып отырған жұмысымыздың барлығы жарғы арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, «Білім туралы» заң мен арнайы жарғыда көрсетілгеніндей «Мектепте діни атрибуттар қолданылмайды» деген қағида бар», - деді М. Әзілханов. Оның сөзіне қарағанда, қазір еліміздің мектептерінде осы жарғының қағидаты енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары да бірлесе атқарылады. Бұдан бөлек, вице-министр жуырда Ақсай ауданы сотының қаулысымен 1-сыныпта оқитын қызына орамал тағып жіберген әкенің әрекеті дұрыс емес деп танылғанын жеткізді.

«Зайырлы мемлекеттің мектебінде діни атрибуттар қолдануға жол бере алмаймыз»,-деді вице-министр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе