ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия басшысы балалар үйінде болды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері аталмыш мекеме төрағасы Қуаныш Сұлтановтың басшылығымен «Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барып қайтты.Бұл туралы осы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Туған кезінен бастап 4 жасқа дейінгі балалар толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін Балалар үйіне барудың мақсаты - балалардың жағдайымен, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қолданыстағы заңнамалық актілерімен, Қазақстанның бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерімен, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясымен кепілдік берілген құқықтарының сақталуымен танысу болды.

Балалар үйінің тәрбиешілерімен, педагогтарымен, психолог мамандарымен және медицина қызметкерлерімен, басқа да қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері балалардың үйлесімді даму, балалардың денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілуі, Қазақстан мен басқа шетел мемлекеттері азаматтарының балаларды асырап алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Балалар үйіне барғанда жиналған материалдар Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасына енгізілетін болады.

Бұл іс-шара Президент Әкімшілігінің және Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарларына  сәйкес және Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай жүргізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе