Елордада жаңа оқу жылына 4 жаңа мектеп ашылады

Жаңа оқу маусымында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады astana.gov.kz сайты.Олардың қатарында математикалық бағыттағы №73 физика-техникалық лицейі (Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде, №50 көш.), инклюзивті дәрежелі №74 жалпы-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназиясы (Сарайшық көш.), жалпы-гуманитарлық бағыттағы №75 мектеп-гимназия (Жәнібек-Керей хандар көшесі аймағында, Орынбор, Еңбекшілер), сондай-ақ, №76 мектеп-лицейі (Түркістан көшесінің аймағында, Орынбор, Жәнібек-Керей хандар көш.). Жалпы олар 4800 оқушы қабылдауға қауқарлы. Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер мен кешендер бой көтеруде. Әсіресе, құрылыс Есіл ауданында қарқынды жүргізілуде. Ал, жаңа білім беру мекемелерінің бой көтеруі оқушылардың алысқа қатынамай, үйге жақын әрі ыңғайлы орналасып, сыныптардағы балалардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе