Польша Қазақстан жастарына берілетін білім гранттары санын арттырмақ

Қазақстаның 800 студенті Польшада білім алып жатыр. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұхан мәлім етті, деп .

«Екі елдің арасында мәдениет және білім беру салаларына ерекше екпін қойылуда. Бүгінде Қазақстаннан Польша жоғары оқу орындарында 800-ге жуық студент білім алып жатыр. Жалпы, польшалық оқу орындарының беретін біліміне сұраныс бар, яғни онда еуропалық сапа бар және оқу бағасы да қолжетімді», - деді М. Баймұхан.

Осы орайда ол екі ай бұрын Қазақстан ЖОО-лары ректорларының Польшаға сапары ұйымдастырылғанын еске салды.

«Бұл сапар аясында Польша ректорлары конференциясымен келісімге қол қойдық. Бүгінде бізде жоғары оқу орындары арасында 100-ге тарта келісімдер бар. Оған қоса, Қазақстан студенттері үшін поляк тарапы гранттар санын арттыру үшін келіссөздерді жалғастырамыз. Бұл тұрғыда гранттар санын біздің студенттерге 50-ге дейін арттыруды ұсындық, оның ішінде ағылшын тілінде оқыту тәртібін де ескердік. Бүгінде келісімде тек 11 ғана грант бар», - деді Елші.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе