Елордада 130 жеткіншек жас сарбаз атанды

«Жас сарбаз» балалар студиясының 130 тәрбиеленушісі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Салтанатты шарада «Жас сарбаз» балалар студиясының 130 тәрбиеленушісі көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүддесін бәрінен биік қоятынын айтып, сөз берді. Шәкірттерге ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов «Жас сарбаз» ұйымы тәрбиеленушісінің куәлігін табыс етіп, жас сарбаздарға толағай табыс пен оқуда сәттілік тіледі. «Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болыңыздар. Елбасы айтқандай, «Өз Отанынды сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірме, Қазақстанды өз жүрегіңде мақтанышпен алып жүріңдер» – деп Мұхамеджан Қадыржанұлы шәкірттерді құттықтады. Бүгінгі күні елімізде әскери-патриоттық бағыттағы осындай 6 198 сынып пен клуб жұмыс істеуде. Оған 179 224 тәрбиеленуші мүше. Ант қабылдау рәсімі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде жан-жақты дамытуға, жобаларды іске асыруға, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға бағытталған ынтымақтастықты орнатуға арналады. Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Шара «Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе