Алматыда үздіксіз экономикалық білім беруге қатысты республикалық конференция өтуде

АЛМАТЫ. 23   - Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ғалымдары соңғы бес жылда 400-ден астам оқулық пен оқу құралдарын шығарды.Бұл туралы бүгін еліміздік экономика саласындағы жетекші жоғары оқу орнының «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» деп аталатын VIII республикалық оқу-әдістемелік конференциясында айтылды.

«Үздіксіз экономикалық білім беруге арналған бұл конференция Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Конференция тек отандық жоғары оқу орындарының  профессор-оқытушылар құрамының ғана емес, алыс-жақын шет елдердің білім беру ұйымдарының да  қызығушылығын тудыруда», - дейді университет ректоры Серік Святов.

Оның айтуынша, бұл шараға ҚР жоғары оқу орындарының және  Ресей, Чехия, Қырғызстан ғылыми-оқу орталықтарының өкілдері, Қазақстанның ғылыми қоғамы мен бизнес-бірлестіктері, бизнес-оқыту мен қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастырушылар қатысуда. Конференцияның пленарлық мәжілісі одан кейін 3 секцияда және дөңгелек үстел отырысы,  семинар мен шеберлік-сыныпта  жалғаспақ. Секциялардың тақырыбы:  «Модульдік оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді тәсілі ретінде», «Оқыту әдістерін жаңарту. Бағыттары мен тиімділігі», «Білім беру жүйесінің жаңа форматын қалыптастыруда ұлттық біліктілік шеңберлерінің рөлі» Семинар «Еуропалық одақ мемлекеттеріндегі білім беру деңгейлері бойынша оқу жоспарларын дайындау», ал дөңгелек үстел жиыны «Қазақстандық бизнеске - бизнес-білім беру» тақырыптары бойынша өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе