Әр өңірде ақпараттық үйлестіру топтары мен Қоғамдық кеңес құрылады - Білім министрі

АСТАНА. 18 Ел өңірлерінде білім беру саласына қатысты ақпараттық үйлестіру топтары мен Қоғамдық кеңес құрылатын болады.Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Министрлік алдағы уақытта екі маңызды қадамды жүзеге асыратын болады. Біріншіден, әр аймақта ақпараттық үйлестіру топтары құрылады. Олар білім саласындағы болып жатқан өзгерістер, істеліп жатқан жұмыстар туралы жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Осы топтар арқылы біз өзіміздің қызметіміздің барлық бағыттары туралы қоғамды хабардар етіп отырамыз», - дейді Б. Жұмағұлов.

Оның айтуынша, екінші маңызды қадам Қоғамдық кеңесті құруға қатысты болмақ. Оның құрамына депутаттар, саяси партиялар өкілдері, танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кіретін болады.

«Бұл кеңес - білім сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылап, ақылдасып отыратын негізгі алаң болмақ. Барлық жаңалытар осы жерде қоғамдық сараптан өтетін болады», - дейді министр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе