Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды (ФОТО)

Астанадағы «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясында Қытай Халық Республикасының құрылған күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.Аталмыш іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты оқу орнының түлектеріне көрші Қытай елінің мәдениеті мен тарихын ұғындыру, Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы достықты ту еткен түрлі салалардағы ықпалдастық байланыстарды түсіндіру болып табылады, сондай-ақ қытай тілін үйреніп, осы елде жоғары білім алуға ынталы жастардың қызығушылғын оятуды көздейді.

Жиын барсында сөз алған «Нұр-Отан» ХДП-ның Са­раптау, жобалау және әлеуметтік институттар орталығының жетекшісі Қазбек Қазкенов студенттерге Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келе жатқандығын, тарихи көршілердің сыйластығы, достығы арқасында бүгінгі күні қос елдің арасында ортақ мақсаттар жолында тығыз байланыстар орнап отырғандығын, Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жолы» мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының бір-бірімен үндесіп жатқанын баян етті.

Алқалы басқосуда «Тұран-Профи» академиясының  ректоры Манен Омаров және білім ордасының белсенді студент жастары Қытай елі туралы өз ойларымен бөлісті. Осы оқу орнының оқытушысы, Қытайдың жоғары оқу орнынан білім алып келген, жас қытай танушы маман Жәзира Ерболқызы өз баяндамасын қытай тілінде жасап жастардың қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын оятты.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың басты мемлекеттік мерекесі -  Қытай Халық  Республикасының  құрылған күні -    қазанның 1-інде  тойланады. 1949 жылдың 1 қазанында Тянанмэнде митинг өтіп, Мао Дзедун Қытай Халық Республикасының құрылғанын жария етті. Сол жылдың 2 желтоқсанында жаңа мемлекеттің орталық үкіметі отырысы болып, 1 қазан - мемлекеттік мереке күні деп бекітілді.

  

Бақытжол Кәкеш
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе