«БОТА» қоры білім гранттарын беру ережесін өзгертті

АСТАНА. 20 Бүгін «БОТА» қоры әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы жас қазақстандықтар үшін 2012-2013 оқу жылына арналған кезекті білім гранттары бағдарламасының байқауын бастайды. Қордың Білім гранттары бағдарламасының (БГБ) негізгі мақсаты - жастарға білім алуға көмектесу арқылы халықтың кедейлік деңгейін төмендету. 3 жылдың ішінде қор Қазақстанның ЖОО-лары мен колледждерінде оқу үшін 649 жас қазақстандыққа грант бөлді.     

2012 жылдан бастап БГБ еңбек нарығындағы соңғы тенденциялар мен білім беру нарығындағы жағдайға сәйкес жұмысының бағытын өзгертеді. Қордың Білім гранттары департаменті өткізген сауалнамаға сәйкес, Қазақстанда студенттердің айтарлықтай бөлігі соңғы оқу жылының ақысын төлеу барысында қиындықтарға тап болып жатады - кейбірі оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылса, кейбірі ЖОО-мен қаржы жағдайы бойынша оқудан шығарылуға дайындалуда. Осы жағдайды ескере отырып, Қор биылдан бастап дәл осы санаттағы студенттерге, сонымен қатар оқуын аяқтағаннан соң елімізде сәйкесінше мамандардың жетіспеушілігін толтыра алатын әлеуетті колледж студенттеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады.    

Осы ретте білім гранттары Қазақстанның жоғары оқу орындарының соңғы немесе соңғы курстың алдыңғы курсында оқитын үлгерімі жақсы, бірақ оқуын төлеуге қаржылық мүмкіншілігі жоқ студенттерге, 2010 немесе 2011 жылдары қаржылық себептер бойынша оқудан шығарылған студенттерге, оқу мерзімі екі жылдық колледждерге алғаш рет түсетін немесе бұрын түспеген орта мектептің түлектері және 11-сынып оқушыларына берілетін болады.

Гранттарды беру барысында әлеуметтік мамандықтарды және «Техникалық ғылым және технологиялар» бағытындағы мамандықтарды таңдаған кандидаттарға артықшылық беріледі. Колледждегі немесе университеттегі оқу ақысын төлеумен және шәкіртақы берумен қатар, БГБ жатақхана, жол және өзге шығыстарды өтейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе