ҚР АШМ-ның малдардың денсаулығын қамтамасыз ететін нақты бағдарламасы жоқ - Б.Майқанов

АСТАНА. 20 сәҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің малдардың денсаулығын қамтамасыз ететін нақты бағдарламасы жоқ.Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның жағдайы және даму перспективасы» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқанов айтты.

Өкінішке қарай, комитет бүгінгі таңда малдардың денсаулығын қамтамасыз ету туралы бағдарламаны дайындамады. Бұл бағдарламаға ветеринария саласының барлық қажеттіліктерін енгізу керек. Оны дайындау барысына тәжірибелі мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды да тарту керек. Бұл орайда мал шаруашылығын дамытуға озық шет елдердің тәжірибелерін қолдану арқылы малдардың денсаулығын қорғау және сауықтыру шараларына баса назар аудару қажет», - дейді ғалым.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе