Қазақстан Қырғызстанның Ош қаласында жаңа мектеп салады

АСТАНА. 22 Қазақстан Қырғызстанның Ош қаласында жаңа мектеп салатын болады.Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Премьер-министрі Өмірбек Бабанов мәлім етті.

«Қазақстан Президенті біздің елдің Оңтүстік өңірін қолдау мақсатында Ош қаласында қазіргі заманғы 1 мектеп салу туралы шешім жасады. Біздің тарапымыздан жер телімі бөлініп, инфрақұрылым жасақталатын болады»,-деді Ө. Бабанов.

Айта кетейік, Қырғызстан Премьер-министрі кеше Астанаға жұмыс сапарымен келді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе