Шымкентте алдағы үш жылда 10 мектеп салынады

– Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша, шаһардағы демографиялық жағдайға байланысты бірнеше мектеп салу қажеттігі туындап отыр, деп тілшісі. «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында биыл 350 орындық жатақхана құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 200 орындық жатақхана құрылысы аяқталады. Келесі жылы СПК «Шымкент» арқылы 2 500 орындық жатақхана салу жоспарлануда. Дегенмен, білім саласында демографиялық өсімге байланысты бірқатар өзекті мәселелер бар. 6 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, 15 мектеп үш ауысымда оқытуда. Сонымен қатар, 13 шағын ауданға 21 мектеп қажет. Биылдан бастап, қалада жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бұл жаңа мектеп құрылыстарын салуға инвесторларды тартуға мүмкіндік берді», - деді ол. Шымкент қаласының әкімі биылдың өзінде 5 мың орындық 11 жекеменшік мектеп ашылғанын айтады.«Демографиядық жағдайды мына санмен көрсетуге болады: биыл мектепті 8 мың бала бітіріп, 1 сыныпқа 23 мың бала қабылданды. Бюджет есебінен биыл 5 700 орынға арналған 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 5 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды 4 мектептің мәселесі шешілді. Алдағы үш жылда жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы 10 мектеп құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады. СПК «Шымкент» арқылы инвесторларға қолайлы арнайы жоба әзірленіп, жүзеге асырылуда», - деді Ерлан Айтаханов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе