Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында екі білім беру нысаны пайдалануға берілді (ФОТО)

Жамбыл облысында екі білім беру нысаны пайдалануға берілді. Оның бірі Тараз қаласындағы 208 орындық балабақша болса, екіншісі Меркі ауданында салынған. Екі нысан да ҚР Тұңғыш Президент күніне орай тұрғындарға жасалған тамаша тарту, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.Тараз қаласында ашылған «Ертарғын» балабақшасының құны - 536 млн теңге. 280 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесінің құрылысын «НұрТұрсын» ЖШС жүрген. Мекемеде 12 топ бөлмесі , оқу сыныбы, музыка, бейнелеу өнері залдары және басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер бар.

Тағы бір әлеуметтік нысан Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов ауылдық округінде ашылды. Аталған жаңа мектеп құрылысының мердігері - «Нұржол Строй» ЖШС , құрылыс жұмыстары 2014-2015 жылдары ауысымды негізде жүргізілді. Мектеп құрылысына 498380,900 мың теңге қаржы жұмсалған. Мектеп заман талабына сай жарақтандырылған. Айта кету керек, өңірде білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы осы мақсатқа 10,2 млрд теңге бөлінсе, биылғы жылы 7,4 млрд теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 9 мектеп пен 4 балабақшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 11 білім нысанының (6 мектеп, 5 балабақша) құрылысы 2016 жылы аяқталмақ. Бүгінде Жамбыл облысында 449 мектеп пен 420 балабақша жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылында облыстың 449 мектебінде 199 231 оқушы білім алса, ал 420 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 44 719 бала тәрбиеленуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе