«Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 19«Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ресми БАҚ-тар.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2011 жылдың 30 желтоқсанынан  №549 бұйрық

 «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5499 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 ақпандағы №20 (1443) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы.»;бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары бекітілсін.»;көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге оқуға жіберу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін.4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің2011 жылғы «30» желтоқсандағы №549 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2008 жылғы «19» қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген

Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары

1. Жалпы ережелер1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармағына сәйкес әзірленді және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу тәртібін айқындайды.2. Осы Қағиданың шарттары «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде конкурс­қа қатысушы үміткерлерге таратылмайды.3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолда­нылады:1) академиялық оралымдылық - оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру;2) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және са­ла­аралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақ­стан Республикасының орталық атқарушы органы.Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу тәртібі4. Шетелге, оның ішінде академиялық ора­лымдылық шеңберінде оқуға жіберуді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру сала­сын­дағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары:1) халықаралық келісімдер (халықаралық бағдарламалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер, алмасу және стипен­диялық бағдарламалар);2) Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдары арасын­дағы шарттар негізінде іске асырады.5. Шетелге, оның ішінде академиялық ора­лымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін білім саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ білім беру ұйымдары үміткерлерді іріктейтін конкурс­тық комиссияларды құрады.6. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:білім туралы құжаттың орташа балы және/немесе академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;2) шет тілін білу деңгейі.7. Шетелге оқуға жіберу үшін білім сала­сындағы уәкілетті орган және білім беру ұйым­дары келесі құжаттарды қабылдауды жүзе­ге асырады:1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);2) шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының осы Қағидаларға қосым­ша­ға сәйкес белгіленген үлгіде толтырған сауалнамасы;3) жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);4) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат­тардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түп­нұс­қа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куә­ландырылған);5) бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.);6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бас­тапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама (бұдан әрі - медициналық анықтама);7) бар болған жағдайда мақтау қағаздары­ның, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;8) бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;9) транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарла­малары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемле­кет­тік немесе орыс тіліне нотариалды куәлан­дырылған аудармалары ұсынылады;10) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);11) бар болған жағдайда ғылыми жарияла­ным­дарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы толық ақпарат білім саласындағы уәкілетті органның және білім ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.9. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді білім беру ұйымдары жүзеге асырады.10. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу үшін білім беру ұйымдары келесі құжаттарды қабылдайды:1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекілген (Нормативтік құқық­тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру қағида­сына (бұдан әрі - КТО қағидасы) сәйкес нысан бойынша білім алушының өтініші;2) ұсыным хаттар;3) дербес оқу жобасы;4) транскрипт көшірмесі (білім алушы үшін);5) медициналық анықтама;6) шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі;7) ЖОО-ның шетелге жіберу туралы бұйрығының көшірмесі;8) академиялық оралымдылық шеңберінде екі айдан астам уақытқа шетелге оқуға жі­берілетін үміткердің ата-анасының (қамқоршы­ларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);9) білім алушы, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім.11. Академиялық оралымдылық шеңберінде әр мамандық бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен шартқа қол қойы­латын шетелдік жоғары оқу орындарының-серіктестердің тізімі білім беру ұйымдарымен анықталады.12. Іріктеуден өткен үміткерлермен КТО қағидасымен бекітілген нысан бойынша үш­жақты келісім жасалады.13. Оқытушылар академиялық оралым­ды­лық шеңберінде білім саласындағы ұсынылатын қызметтің сапасын көтеруге бағытталған ғылы­ми зерттеулер жүргізу үшін оқуға жіберіледі.14. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміт­керлердің тізімі білім беру саласындағы уәкі­летті органның және білім беру ұйым­дарының интернет-ресурстарында конкурстық комиссия отырысынан кейін екі күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.15. Іріктеуден өткен және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберілетін үміткерлердің жеке ісі он жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы ын­тымақтастық туралы шарт жасалған шетел­дің дипломатиялық өкілдігіне және/немесе шетел мемлекетінің білім беру ұйымдарына жіберіледі.16. Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі оқыту елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда дербес анықталады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7418 болып енгізілді.

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы республикалық БАҚ-да жарияланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе