Миллионнан астам бала жалпы сомасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды - БҒМ

АСТАНА. 20 «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1 миллионнан астам бала жалпы сомасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.Айта кетейiк, ҚР Білім және ғылым министрлігі алтыншы жыл қатарынан 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде. Ағымдағы жылы «Қазақстан - 2050» стратегиясында көрсетілгендей, балалардың өмір жағдайын жақсарту бойынша жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында акция «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен басталған болатын.

"Акцияның мақсаты тұрмысы төмен отбасылардағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ мектепке әлеуметтік жағдаймен бармау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Акция өткізілгеннен бастап 1 миллионнан астам бала жалпы сомасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды. Демеушілер мен меценаттардың қолдауымен 2,5 миллиард теңгеге көмек көрсетілді. Қол ұшын созғандар жыл сайын артып отырғандығы қуантады. Акцияны бизнес-компаниялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және қарапайым қазақстандықтар қолдайды", - делiнедi хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе