Қоғамдық сананы жаңғырту науқаншылдыққа айналмауы керек - Анатолий Башмаков

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Анатолий Башмаков «Туған жер» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндады, деп .«Комиссияның аясында өте маңызды пікір аламасу болды. Бастысы, комиссия бойынша әріптестеріммен бірге бұл күрделі жұмыс тек жүйесіз науқаншылдыққа  айналмауы тиістігін түсініп отырмыз», - деді ол.

Осы орайда сарапшы жеке дүниетанымды дайындықтан өткізбей, кез кезген жаңғырту мен реформаны жүргізуге болмайтындығын қадап айтты.

«Менің ойымша, Ұлттық комиссияның мүшелері мен осы жұмысқа қатысты азаматтар біздің сананы жаңғырту мәселелерімен айналысу қаншалықты маңызды екенін жете түсінуі қажет», -деді ол.

Сонымен қатар ғалым өз сөзінде туған жерден жалпы Отанға деген қарым-қатынас қалыптасатынын, негiзгi мақсатымыз жас қазақстандықтарды туған жердi құрметтеуге тәрбиелеу, ұлтына қарамай тарихты қадірлеуге шақыру екенін атап өтті.

 «Біз жергілікті жерлерді араладық. Мен үш облысқа сапарлап, жергілікті активпен кездестім. Әзірге, ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр, қыркүйектен бастап осы бағытта белсенді жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл ауқымды шараларға бей-жай қарамай, ынта-жігермен кіріске абзал. Осы ұстанымға сәйкес, қажетті мамандарды да іріктеу керек», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе