14 мамырда «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау науқаны басталады

АСТАНА. 3 14 мамыр күні «Болашақ» бағдарламасы бойынша талапкерлерден құжат қабылдау науқаны басталады.Бұл туралы бүгін журналистерге «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Конкурс магистратура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бағдарламасы бойынша 2012 жылғы 14 мамырдан 31 шілдеге дейін, өз бетімен түскендер санаты үшін құжаттар қабылдау 2012 жылғы 14 мамырдан 29 маусымға дейін жүзеге асырылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, өңірлерде тұратын талапкерлер енді биылдан бастап өз құжаттарын жергілікті жерлерде тапсыра алады. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау бойынша қызмет көрсету мүмкіндіктері үшін www.e.gov.kz электронды үкімет порталымен «е-Болашақ» ақпараттық жүйесіне ықпалдастық жоспарлануда.

«Бұл мәселені 2012 жылдың екінші жартысында шешуді жоспарлап отырмыз», - деп түйіндеді сөзін С. Нұрбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе