300-ге жуық жас офицер Құрлық әскерлерінің институтын тәмамдады (ФОТО)

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының 265 түлегі әскери оқу орнын бітіргені туралы диплом алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Олардың 3-еуі Қырғыз Республикасының азаматтары, 12 түлек Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар жауынгерлік машық пен әскери тәртіпте өздерін жақсы қырларынан көрсетті.  Түлектер арасында оқуды қызыл диплом мен алтын медальға бітірген 6 лейтенант бар. Олар: Еркебұлан Қоңырбай, Бекболат Қарлыбаев, Александр Клименко, Бауыржан Нұрсұлтанов, Әмір Есімсейіт пен Данияр Ескендір.  Екінші батальонның түлектері жоғары саптық дағды және жалпыәскери жарғыларды білулерімен ерекшеленеді. Олар Мәскеудегі Қызыл алаңды адымдап өтіп,  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысты.

Құрлық әскерлері Әскери институтының 46 жылдық тарихы бар екенін айта кетейік. Құрылған сәттен бастап ЖОО-да әртүрлі мамандықтар бойынша 17 мың офицер дайындалды. Қазіргі уақытта олар өздерінің білім алған жоғары оқу орнының даңқын асқақтата отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен ТМД елдерінде қызмет атқаруда. Түлектердің біршамасы ірі әскери бөлімшелер мен ведомстволарды басқаруда. Жоғары әскери атақтар мен үкіметтік наградаларға ие болып отыр. Институт түлектері арасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бар, 13 түлек Кеңес Одағының, Ресей мен ТМД-ның өзге елдерінің батырлары атағын иемденді. 53 түлек ҚР Қарулы Күштері мен өзге елдердің, яғни, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің генералдары болып табылады.  Әскери институттың курсанттарын дайындау 10 кафедрада жүзеге асырылады. Институт ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы мүше мемлекеттерінің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп дайындау оқу орындарының тізбесіне енгізілді. ЖОО-да Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының әскери қызметшілері білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе