Бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру - министрдің бұйрығы

АСТАНА. 1 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы

Астана қаласы 2012 жылдың 9 шілдесінен, №462

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қа­зақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес бұйырамын:1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрі     С.ҚАЙЫРБЕКОВА.

Құжат мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе