Тұңғыш рет Қазақстан-Үнді-Американдық жоба бойынша ЖОО ұстаздары даярланбақ

АЛМАТЫ. 12   Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндіксеминар-тренинг өз жұмысын бастады. 

«Қазақстан-Үнді-Американдық жобасының негізгі мақсаты - біліктілікті арттыру, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау болып табылады. 

Семинарда сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов оқу ордасының Қазақстанда алғашқылардың бірі болып халықаралық жобаға қатысып жатқандығын атап өтіп: "Біздің білім ордада өтіп жатқан жобаның маңызы ерекше. Оқытушыларымыздың білімі биік болса, білім нәрінен сусындап жатқан студенттеріміз де сапалы маман иесі болады. Сондықтан да бұл жобаның бізге берері мол», - деді.  

ҚазҰУ бірінші болып инженерлік білім берудегі Үнді-Америкалық ынтымақтастықтың (IUCEE) жобасына еніп отыр. Оған бүгінде компьютерлік және ақпараттық технологиялар саласында, бағдарламалық қамтамасыз ету мен бүкіл инженерлік қызметте заң шығарушы болып табылатын АҚШ пен Үнді елінің жүзден астам инженерлік білім беру мекемелері кіреді. 

Семинардың жұмысына әлемдік жетекші сарапшылар қатысты. Лиссабон Жоғары Технологиялар Институтының президенті (Португалия) Хосе Карлос Квадрадо «Инженерлік білім беру жобалар сараптамасына жүйелік шешім» атты баяндама жасаса, Сингапур Ұлттық Университетінің вице-президенті Сирам Рамакришна, Нью-Хэмпшир Университетінің профессоры (АҚШ) Анджей Русинский, ASTC, ISTEC, Inc орындаушы  вице-президент және негізін қалаушы Рамиро Джордан, Нью-Хэмпшир университеті инженерлік және физика ғылымдары факультетінің деканы (АҚШ)  Самуэль Мукаса және т.б қонақтар тақырыптық баяндамалар жасады.  Сонымен қатар, онлайн арқылы АҚШ-тан тікелей байланысқа шыққан Кришна Ведулан және Ханс Хойер жоба жөнінде өз ойларымен бөлісті.  

Семинар барысында CIDLab зертханасы өнімдері жайлы үйрететін бағдарламалық тренинг, сессиялар, IUCEE мамандарының, GEDC, IFEES, IASTC, ASEE жетекші инженерлік ұйымдардың  қатысуымен дискуссиялы кездесулер және әлем университеттерінің (Сингапур ұлттық университеті, Нью-Хэмпшир университеті, Бирла ғылыми-технологиялық институты және басқалар) қатысуымен  дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдар ҚазҰУ оқытушыларымен, докторант, магистранттарымен кездесіп, арнайы курстар оқиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе