Нұр-Сұлтан атауы астанамыздың абыройын асқақтатады - ШҚМТУ ұстаздары

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы ел астанасының қайта аталуын уақыт талабы деп есептейді, деп тілшісі.

Ұстаздар мен ғалымдар Елордаға Тұңғыш Президенттің есімін беру Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген өлшеусіз еңбегіне білдірген мол алғыстың бір бөлігі ғана деген пікірде.

«Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын ойып тұрып алды. Бұл жерде Тұрғыш Президентіміздің үлесі ұшан-теңіз. Тәуелсіздік Қазақстан халқына береке-бірлік пен дамудың нақты көрінісін әкелді. Мұның бәрі Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың, игі бастамалардың арқасы. Елбасы тікелей басқарған мемлекеттік бағдарламалар еліміздің сындарлы кезеңде аяқтан тұрып кетуіне ықпал етті» - дейді университет ректоры Жасұлан Шаймарданов.

Ректордың айтуынша, Тұңғыш президент іргесін қалаған Астана қаласы аз уақыттың ішінде бейбітшілік пен келісімнің символына айналып үлгерген. Жаһандық көлемдегі маңызды оқиғалардың Елордада өтуі де Елбасының тұлғасымен тікелей байланысты.

«Астана - біздің мақтанышымыз, бетке ұстар брендіміз. Оны қайта атау арқылы біз Тұңғыш Президентке білдірер алғыстың бір парасы ғана. Нұр-Сұлтан атауы - жаңа болса да бүкіл әлемге танымал есім. Әлем картасына енген жаңа атау жаңа сапаның, үздіксіз дамудың белгісіне айналарына сенімдіміз» - дейді Ж.Шаймарданов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе