Семей университеттері қашықтан оқытуға дайын

– Cемей қаласындағы жоғарғы оқу орындары студенттерді қашықтан оқытуға дайын, деп .

Бұл жайлы бүгін қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Семей медициналық университеті академиялық мәселелер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Марат Жанаспаевтың сөзіне сенсек, қаңтар айында олар электронды оқытуға арналған ақпараттық платформаға көшкен. «Біз қашықттан оқытуға әзірміз. Ақпараттық платформа бейне және аудио дәрістермен толықтырылуда. Осы орайда дыбыс жазатын арнайы студия ашылып, қашықтықтан оқыту алгоритмі дайындалған. Нәтижесінде, студенттерге үйде отырып-ақ білім алуға мүмкіндік бар», - дейді ол. Университетте Үндістан, Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстаннан келген студенттер бар. «Біз олардың өз елдеріне кетуіне тыйым салмаймыз. Бұл әр адамның таңдау құқығы. Барлығы онлайн оқитын болады. Араларында ауылда интернет ұстамайтындығын айтқандар да кездесті. Сондықтан оларға жатақханада Wi-Fi арқылы білім алуға жағдай жасалған», - дейді Марат Жанаспаев.Ал Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде электронды платформа 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. «Әр оқытушы мен студенттің логині мен паролі бар. Білім алушылар жеке кабинетіне кіріп, тапсырмаларын қарай алады. Оқу процесі екі семестрден тұрады», - дейді университет проекторы Жандос Мұқаев. Жоғары оқу орындарының өкілдері қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар өз балаларын бақылауда ұстайды деп сенеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе