Елбасы Қытай тарабына елордада Ұлттық би және балет академиясын салуды ұсынды

САНЬЯ. 6 сәБүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізгеннен кейін қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай тарабына елордада Ұлттық би және балет академиясын салуға ұсыныс жасағанын айтты.«Мен Қазақстанда жоқ Ұлттық би және балет академиясын Астанада салу туралы ұсындым. Біздің дамушы мәдени орталығымыз оны өте қажетсінеді», деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған академияның қытайдың сәйкесінше университеттерімен ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды болатындығын атап өтті.

«Бүгінде сегіз мың қазақстандық Қытайда оқиды. Бұл да болашақта біздің ынтымақтастығымызға үлкен негіз болар еді», деді Н.Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе