Ата-анамның алғашқы үмітін ақтадым - «Үркер» төс белгісінің иегері

АЛМАТЫ. 25   Мен биыл өз өмірімдегі алғашқы үлкен жетістікке қол жеткіздім.Бұл ойын бүгін №24 лицейдің 11 «Г» сыныбының оқушысы Назерке Болатжан мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауы кезінде айтты.

«Мектеп бітіру мерекесі қарсаңында қала әкімі тағайындаған республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері - үздік оқушыларға берілетін «Үркер» төс белгісін иелендім. Сондай-ақ өзім армандағандай биотехнология мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атануға мүмкіндік беретін сертификат алдым», - дейді Н.Болатжан.

Бірнеше жыл бойы қалалық олимпиадаларда 2-3 орындарды иеленіп келген ол, биыл қалалық және республикалық олимпиада жеңімпазы атанды.

Биыл «Үркер» төс белгісін лицейдің 9-11 сынып аралығында оқитын 22 оқушы алды. Мұндай мәртебеге былтыр 27 оқушы ие болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе