Алматыда мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлінді

– Алматы әкімдігі мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлді, деп тілшісі.«Қаладағы

барлық білім беру орындарында оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Биылдың өзінде

204 жалпы білім беретін мектепке 258 оқушы қабылданады. Жалпы контингенттен бөлек көмекке мұқтаж,

көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары да білім

алады. Алматы әкімдігі осындай мұқтаж отбасыларға көмек ретінде мектеп формасын

алуға қаражат бөлді. Алматы бойынша 16 мың оқушы бар екен. Оларды мектеп

формасымен қамтуға әкімдік 260 млн теңге қарастырды», - деді қалалық Білім беру басқармасының

басшысы Гүлнар Қожабергенова. Сонымен

қатар, қалада «Мектепке жол акциясы» жүріп жатыр. Шара аясында бизнес өкілдері мен белсенді

қоғамдық ұйымдардың көмегімен 15 млн теңге жиналды.

«Бұл

қаражатқа киім, мектеп формасы, аяқ киім, спорт киімі, оқу құралдары сатылып

алынды. Акция қыркүйектің аяғына дейін жалғасады», - деді Г. Қожабергенова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе