ОҚО-да киелі жерлер тарихын жаңғыртқан байқау өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында құрылған «Қасиетті Қазақстан» орталығының күнгейлік белсенділері «Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері» байқауын ұйымдастырды. Сайысқа облыс аумағындағы 25 мұражай өкілдері қатысып, бақ сынады, деп ХАА тілшісі.       Байқаудың мақсаты- елдегі аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, көпшілік біле бермейтін қасиетті, киелі орындарды насихаттау болды. Мәселен, өлкетанушылардың дерегінше, облыс аумағында 100-ге тарта киелі-тарихи танымдық жер бар. Алайда, олардың көпшілігі халыққа беймәлім. Оның үстіне оңтүстік жері ертедегі сақ, ғұн, қаңлы тайпалары қоныстанған киелі мекен саналады. Оны өскелең ұрпақ біліп, өсуі тиіс. Осыны ескерген ұйымдастырушылар байқау қатысушыларына осындай жерлерді анықтап, халық санасына сіңіру жолдары бойынша бірнеше талаптар қойды. Жалпы, байқауға мұражайлардан бас-аяғы 40-қа жуық туынды жолданды. Сондай-ақ сайыс шарты бойынша музей қызметкерлері 3-5 минуттық бейнеролик түсіруі қажет болды. Қазылар шешімімен үздік туындылар іріктеліп, жеңімпаздар марапатталды. Ал, қатысушылар тарапынан түсірілген бейнероликтер енді Астанада көпшілік назарына ұсынылады. Сала мамандарының сөзінше, бұл шара өңірге келетін туристер санының артуына да сеп болмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе