Биыл апатты жағдайдағы 9 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі - Қызылорда облысы

Қызылорда облысының білім беру саласы бойынша құрылыс жұмыстарына 2015 жылға бөлінген қаржы толығымен игеріліп, алдағы уақытта 22 объектінің құрылысы жүргізілетін болады. Оның 19-ы - мектеп, 3-еуі - балабақша. Ағымдағы жылы 20 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр (18 мектеп, 2 балабақша). Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тәжібаев ауылында және Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде әрқайсысы 300 орынды құрайтын мектептің және Қызылорда қаласындағы 280 орындық балабақша құрылыстары салынатын болады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында барлығы 25 апаттық мектептің ішінде қазіргі таңда 5-еуі пайдалануға берілді. 2015 жылға 9-ы пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Қалған 11 мектептің құрылысы 2015-2016 жылдары жүргізілетін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе