Қазақ ұлттық консерваториясы GSM Қазақстан/Kcell ұялы байланыс операторымен серіктестік жөніндегі хаттамаға қол қойды

АЛМАТЫ. 5 сәБүгін Алматыда GSM Қазақстан/Kcell ұялы байланыс операторы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы серіктестік жөніндегі хаттамаға  қол қойды.Аталмыш келісім аясында  GSM Қазақстан/Kcell компаниясы «Kcell Academy» жобасының шеңберінде Қазақстандағы музыкалық білімге тұрақты түрде қолғабыс жасау және консерваторияның шығармашылық ұжымдарын танымал ету мақсатында жоғары оқу орнына қаржылық жәрдем түрінде демеушілік көрсетпек. Қаржы консерваторияның музыкалық-концерттік шараларын өткізу мен студенттік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

«Қазақстанның экономикалық әл-ауқаты елдегі шығармашылық пен өнердің дамуына ықпал етуде, солай бола тұра жаһандану жағдайында дамушы елде ерекше назарды халықтың ұлттық мәдениетін танымал етіп, дамытуға аудару қажет. Музыкалық мұра мен дәстүр - халықты басқа халықтан ажырататын, оның мәдениетінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын нәрсе емес пе? Біздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміздің стратегиясы шеңберінде біз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіп, қазақтың қазіргі заманғы және халық музыкасына үлесімізді қоспақпыз. Kcell Қазақстанның жетекші музыкалық жоғары орындарының біріне көмек көрсетуге, оның тұлғасында жақсы серіктес пен дос табуға өте қуанышты», - деп атап өтті GSM Қазақстан /Kcell бас атқарушы директоры Вейсел Арал.

Бүгінде ұялы байланыс операторы «Kcell Academy» жобасының аясында   Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарына, оның ішінде аймақтық оқу орындарына  болашақ мамандардың креативтік ойлауларын ынталандыру және таланттары мен кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында қолдау көрсетіп келеді.  Жоба 2008 жылы басталған болатын және содан бері компания студенттерге арналған он шақты тренинг жүргізіп, жоғары оқу орындарындағы білім сапасын көтеруге қатысты жобаларға демеушілік көрсетті.

Вейсел Аралдың айтуынша,  GSM Қазақстан/Kcell елдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға 13 млн. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсаған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе