Ағымдағы жылы Астанада 10 балабақша салу жоспарлануда - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 9  /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2012 жылы Астанада 10 балабақша салу жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы 2 жыл ішінде елордада 83 балабақша пайдалануға берілген. Алайда, миграциялық қарқынды есепке алғанда Астанада бүрдіршіндерді балабақшалармен қамтамасыз ету әлі мүмкін болмай жатыр. Мысалы, Астанада жылына 40 мың адам көшіп келеді. Бұл  32 балабақша салуды қажет етеді. Сонымен қатар жыл ішінде шамамен 16-17 мың нәресте дүниеге келеді екен.

«Мәселен, 2006 жылдың өзінде кезекте 8 мың бала тұрған болса, 2008 жылы бұл тізім 28 мың балаға артты. Ал, 2012 жылы кезек тізіміне 52 мың бала тіркелген. Балабақшалармен қамтамасыз ету - қаланың әлеуметтік дамуындағы бірінші кезекте тұрған мәселе»,-деді И. Тасмағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе