Алматыда V Бүкіләлемдік WCET - 2012» инжинеринг және технологиялар конгресі ашылды

АЛМАТЫ. 1 Бүгін Алматыда "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыппен  V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжинеринг және технологиялар конгресі өтіп жатыр.ҚР Ұлттық Инженерлер академиясының вице-президенті Надир Надировтың айтуынша, 1999 жылы өткен алғашқы конгреске 4 ислам елі қатысқан еді.  2011 жылы олардың саны 8-ге дейін жетті. Ал биыл 12  ислам елінің ұлттық инженерлік академиялары мен институттарының жетекшілері мен ғалымдары қатысуда. Бұлардан бөлек ТМД елдерінің делегациялары келіп отыр.

 «Бұл біздің қозғалыстың аясы кеңейіп, маңызы артып келе жатқанына айғақ бола алады. Біз кеше Ұлттық инженерлер академиясында ислам елдері делегацияларының жетекшілерімен кездестік. Бәрі өзара байланысты кеңейтіп, ортаны ұлғайтуды қолдап отыр», - дейді академик Н. Надиров. Оның айтуынша, 2 күндік конгресс жұмысы бүгін 8 секция бойынша жүреді. Ал ертең «Инженерлік білім беруді аккредитациялаудың кәсіби жүйесін құру» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны және Ислам елдері инженерлік институттар федерациясының Атқару комитетінің XXV отырысы болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе