СҚО-да барлық автожолдар жабылып, ертеңгі сабақтар тоқтатылды

– Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірден шығатын барлық автожолдар жабылып, 27 ақпан күнгі сабақтар тоқтатылды, деп .

«112» қызметі «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы өңір тұрғындарына ескерту таратты. «Сағат 17.00-ден бастап ауа райының нашарлауына орай (желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, жауын-шашын, көру мүмкіндігінің төмендеуі, көктайғақ) облыстың барлық автожолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды», - делінген ақпаратта. Сондай-ақ 27 ақпан күні бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға сабақтар болмайтындығы хабарланды. Айта кетейік, синоптиктер 27 ақпан күнге бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын. Ал ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көктайғаққа байланысты 7 өңір тұрғындарынан сақтық шараларын қабылдауды сұрады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе