11 болашақ дәрігер білімін дәлелдей алмай, дипломсыз қалды - Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН – Биылдан бастап медициналық ЖОО түлектерінің білімін тексеретін тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілген. 11 түлек бұл сыннан өте алмай, дипломсыз қалған, деп тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Бітановтың айтуынша, мұндай жүйе медициналық еңбек нарығын кездейсоқ кадрлардан сақтайды.«Біз жаңа талап енгіздік. Медициналық оқуға түсу үшін биылдан бастап қосымша емтихан енгіздік. Талапкер медицина мамандығына психологиялық тұрғыда сай екенін тест тапсыру арқылы дәлелдеуі тиіс. Бұл да - әлемде бар практика. Биылдан бастап жоғары оқу орнының түлектері диплом ғана алып қоймай, білімді тексерудің тәуелсіз сараптамасынан өтеді. Сол үшін арнайы бағалау орталығы жұмыс істейтін болады. Егер түлек білімін дәлелдей алмаса, диплом берілмейді. Биылдың өзінде 11 түлек өз білімін дәлелдей алмай, дипломсыз қалды. Енді оларға бір жыл ішінде қайта емтихан тапсырып, дипломға лайық екенін көрсету қажет. Осы арқылы медицина еңбек нарығына өтудің шарттары қатаңдатылып отыр. Әйтпесе, қазір көптеген оқу орындары студенттерінің барлығы диплом алып кетуіне мүдделі болып алған», - деді ведомство басшысы.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Елжан Біртанов биылдан бастап болашақ дәрігерлердің неге 6 жыл ғана оқитынын түсіндірді. «Біз медицина мамандығына оқушылардың мерзімін 7 жылдан 6 жылға қысқартамыз. Бұрын 5 жыл бакалавр, 2 жыл интернатура негіздерін үйренсе, енді «5+1» жүйесі қолданылады. Бір жағынан, біз оқыту процесін біріздендіреміз. Басы артық теориялық пәндерді алып тастаймыз. Осының арқасында заманауи білім технологияларының көмегімен дәрігерлерді жылдам дайындайтын боламыз. Екінші жағынан, бұл тәсіл халықаралық стандарттарға да, Болон процесінің оқыту жүйесіне де толығымен сәйкес келеді», - деді ол.Министр биылғы медицина түлектерінің тең жартысына жуығы ауылдық жерлерге жіберілгенін де айтты. «Бұған дейін медицина саласына бөлінетін оқу гранттарының саны шынайы қажеттілікке сәйкес болмағанын анықтадық. Биылдан бастап біз оны өңірлердің қажеттілігіне сай қайта реттедік. Ал биылғы түлектердің 48 пайызы ауылдарға жіберілді. Былтыр 700 түлек ауылға барса, биыл 2000 түлек ауылда жұмыс бастайтын болады. Жергілікті әкімдіктер баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша барлық міндетін атқарып жатыр», - деді Елжан Біртанов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе