2014 жылдың бірінші жартыжылдығында Есіл ауданында 2 мектеп пен 3 балабақша салынады

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Есіл ауданында 2 мектеп пен 3 балабақша салынады. Бұл туралы astana.kz сайтына Есіл қаласының әкімі аппаратынан хабарлады.«Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында екі жалпы білім беру мектебінің: №26, №37, №38 көшелері  мен Хусейн бен Талал көшелерінің аумағында 1200 орындық мектептің; «Батығай» ТК ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар, әрқайсысы 280 орындық екі балабақша: «Комсомольский» тұрғын алабында (Қыз Жібек және Баян сұлу көшелерінің қиылысында, Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан орамының қиылысында) және тағы бір 240 орындық балабақшаның құрылысы №23 көшенің ауданында (Орынбор және №36 көшелерінің арасында) басталады», - делінген хабарламада. 

Құрылысты аяқтау мерзімі - 2015 жыл.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауданда 10 мемлекеттік балабақша және 1 шағын орталық бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе