Тағы екі өңірде сабақтар тоқтатылды

– Ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі өңірде екінші ауысым сабақтары тоқтатылды, деп .

Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының ақпараты бойынша, -23-33 градус аяздарға, сондай-ақ көктайғаққа байланысты Бесқарағай ауданында 1-4 сынып, Зайсан ауданының Зайсан қаласында 1-11 сынып, Алтай ауданында 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Ал Ақмола облысында қатты бұрқасын салдарынан Аршалы мен Астрахан аудандарында 0-4 сыныптар, Корғалжын ауданында 0-9 сыныптар, Егіндікөл ауданында 0-11 сыныптар оқымайды. Айта кетейік, бүгін екпінді желге байланысты Нұр-Сұлтан қаласында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарға, екінші ауысымдағы 0-9 сыныптарға оқу процесі тоқтатылды. Сондай-ақ ШҚО-ның әртүрлі елді мекенінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үйлерінде қалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе