Батысқазақстандық университет Елбасы Жолдауына байланысты алда тұрған міндеттерді талқылады

ОРАЛ. 15 14 ақпан күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ғылыми-білім кешені Елбасы Жолдауына байланысты арнайы жиын өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерін айқындады.Аталмыш оқу орнының басшысы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚО филиалының төрағасы Ақсерік Әйтімов Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, жылдың басты құжатын орындау мақсатында тапсырмалар берді. Ғылыми-білім кешенінің құрамына Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, экономика және ақпараттық технологиялар колледжі,  жоғары техникалық мектеп, ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, «Андас» оқу орталығы, «Транс» және «Экожержоба»  ғылыми-зерттеу институты кіреді. Мұнда шын мәніндегі инновациялық оқу орнына айналу үшін жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Жиында сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, университет проректоры, философия ғылымдарының кандидаты Жұбаныш Хайрушин және басқалар сөз алып, Елбасы Жолдауына байланысты алда тұрған міндеттерді орындаудың маңызы зор екенін, оған әркімнің де қатысуы керектігін атап көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе