Алматыда балаға қол көтерген тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматыда балабақша тәрбиешісінің баланы ұрғаны видеоға түсіп қалды, деп тілшісі. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Оқиға Әуезов ауданындағы №58-балабақшада болған. Бейнекадрда «Бауырсақ» тобының тәрбиешісі тамақ ішіп отырған баланы ұрып, зекіп, екінші бөлмеге отырғызып қоймақ болған. Сол әйел қайта айналып келіп, екінші баланың басынан нұқыған. Қалалық білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты төмендегідей түсінік берді. «Қазір сол балабақшаға тексеру жіберілді. Нәтижесіне қарай түсінік беріледі», - деді қалалық Білім беру басқармасынан.
800
    Iздеу

    Күнтізбе