Алматыда «Кадрлық резерв - елдің кәсіби командасы» бірегей әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады

АЛМАТЫ. 14 сәАлматыда 19-20 сәуір күндері «Кадрлық резерв - елдің кәсіби командасы» деп аталатын бірегей әлеуметтік білім беру жобасы жүзеге аса бастайды.Оны «Синергия» Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік университетінің қазақстандық өкілдігі ұйымдастырып отыр. Бұл байқауға бүкіл ел аумағындағы мектеп және колледж түлектері қатыса алады. Үміткерлерді таңдау тек Алматыда ғана өтіп, байқаудың 10 жеңімпазына 4 жыл бойы Мәскеуде бакалавриат бағдарламасы бойынша тегін білім алуға грант беріледі. Ол - ұйым менеджменті, мейманхана және мейрамхана менеджменті, қаржы және несие, дизайн, құқықтану және бағдарламалау мамандықтарына бөлінген.

Жоғары оқу орнының қазақстандық өкілдігінің директоры Бауыржан Қасымбергенбаевтың айтуынша, грант иегерлері Мәскеуде жатын орын мен күніне 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ай сайын шәкіртақы берілетін болады. Бағдарламаның ерекшелігі онда студенттердің 1-курстағы оқу бағдарламаласында  уақыттың 50 пайызы теориялық дайындыққа, қалған 50 пайызы тәжірибелік жұмысқа бөлінген. Олар сабақтан кейін мемлекеттік және жеке ұйымдардың жұмысын зерттейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе