Дінбасы біліктілігін жетілдірген имамдарға дипломдар тапсырды

АСТАНА. 27 Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында 4 айлық діни курсты тәмамдаған діндарларға диплом табыстады,деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары дни басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада Бас мүфти имам-молдаларды ел игілігі жолында қызмет етуге шақырды. «Дінге, елге қызмет ету - сауапты да жауапты жұмыс. Біз қашанда игі бастамалардың басы-қасында болуымыз керек. Ертең ауылға барғанда жұрт таңырқай қарап: «Мына молда Алматыдағы Ислам институтында оқып келгелі бері білімі толысып, мінезі жақсарыпты» деген ой-пікірде қалуы керек. Сондықтан осы жерде алған діни ілімдеріңізді, тәжірибелеріңізді елдің игілігіне жұмсаңыздар. Жамғатқа жақсылық жасап, халықтың бірлігі мен ынтымағы жолында аянбай еңбек етіңіздер», - деді Дінбасы.

4 айлық діни курстан өткен діндарлардың саны - 33. Оның 9-ы үздік бағамен тәмамдағандар. Дәрісте жақсы мінез-құлқымен өзгеге үлгі болып, курста белсенділік танытқан имам-молдалар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Оны ҚМДБ Аппарат басшысы Балғабек Мырзаев, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, кадр бөлімінің меңгерушісі Байзақ Бекмұратовтар табыстады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе