Астанадағы Аграрлық университетте «Түлек - 2012» жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. 2 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Түлек - 2012» жәрмеңкесі өтті.Университеттің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде өткен жәрмеңкеге жұмыс берушілер ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты 25 мекеме қатысты. Олар7 мамандық бойынша болашақ 168 түлектің арасында таңдау жүргізді.

Факультет деканының қысқаша баяндамасынан кейін, әр жұмыс беруші өзінің мекемесі туралы ақпаратты ұсынды. Одан кейін түлектер мен жұмыс берушілер «дөңгелек үстелдер» барысында пікірлесіп, келісімшарттар жасасты. Жәрмеңке нәтижесін шығара отырып, 168 түлектің 90-нан астамы оқуларын аяқтаған соң, жұмысқа орналасады деп сеніммен айтуға болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе