Колледж студенттері ғылыми жаңалықтарын ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынбақ - ВИДЕО

Алматы облысындағы кәсіптік-техникалық колледж студенттерінің ғылыми жаңалықтары өңірдегі инновациялық жобалар тізіміне енді.16 жастағы Юрий Пономарев 12 вольттық қуат көзін 220 вольтқа дейін еселейтін генератор құрастырды. Ал тағы бір жас инноваторлар көкөніс пен жеміс-жидекті жуып, ұнтақтап, кептіретін және ұзақ уақыт ылғал сақтайтын қондырғының жобасын ойлап тапты. Енді жас өнертапқыштар бұл жетістіктерін одан әрі жетілдіріп, ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынбақ. Қазір инновацияның кілті - ғылымда. Сондықтан политехникалық колледждегі жас инноваторлар, зерттеу орталығының мүшелері бастапқыда жеке-жеке ғылыми жұмыспен айналысқан. Кейін бәрі бірігіп көкөніс пен жеміс-жидекті тиімді өңдеу жолдарын қарастырды. Арада 2 жыл өткенде жаңа қондырғының жобасын жасады. Жас өнертапқыштардың бұл жобасы қолданысқа енсе, ауылшаруашылығы өнімдері бойынша 4 түрлі қызметті бір жолда атқарады. Жиналған өнімді жуады, ұнтақтайды, кептіреді, қаптайды. Өңделген өнім табиғи құнарын жоғалтпайды. Ең бастысы, энергия үнемделеді, деп жазады 24.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе