Ұстаздар мен дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасы аясында шет елде тағлымдамадан өтеді

АСТАНА. 9 сәБиылдан бастап ұстаздар мен дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасы аясында шет елде тағлымдамадан өтуге мүмкіндік алады.Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті.

«Үкімет қаулысымен «Болашақ» бағдарламасына үміткерлерді іріктеуде биылғы жылы алғаш рет шет елде педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық мамандықтар мамандарының тағлымдамадан өтуі қарастырылып отыр. Тағлымдаманың мерзімі 1 айдан 12 айға дейін. Қосымша жарты жыл дайындық курстары беріледі», - деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, ағымдағы жылдан бастап ғылыми тағлымдамадан өту үшін ЖОО,  ғылыми-зерттеу институттары мамандарына ешқандай шектеу қойылмаған. «Осы уақытқа дейін ғылыми тағлымдамаға тек  қана мемлекеттік ЖОО-лардың және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылық құрамы жіберілетін. Бүгінгі таңда «Білім туралы» заңға сәйкес бұл шектеу алынып тасталды. Яғни кез келген білім беру ұйымының азаматтары шет елде тағлымдамадан өте алады», - деді А.Абылайхан.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдан бастап Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламасы бойынша шет елде мамандар даярлау тоқтатылған болатын. Мамандарды даярлау тек қана магистратура, доктарантура және тағлымдамаға жіберу бойынша жүзеге асырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе