Қазақстандық оқушылар Румынияда өткен ХХ математикалық олимпиадада екі «күміс», үш «қола» жеңіп алды

2016 жылы 20-29 маусым күндері Слатина (Румыния) қаласында жасөспірімдердің ХХ математикалық олимпиадасы өтті. Бұл математикалық конкурс жасөспірімдердің Балқан математикалық олимпиадасының (JBMO) дәстүрлі ережелеріне сәйкес өткізілді.Олимпиадаға 21 мемлекет өкілдері қатысты, қазақстандық команда алтыншы жалпыкомандалық орынға ие болды (Румыния - бірінші және бесінші орын, Түркия - екінші орын, Сербия - үшінші орын және Болгария - төртінші орын), деп хабарлайды Астананың білім басқармасы.

Олимпиадаға Қазақстаннан барған алты оқушының бесеуі жүлделі орындар алды. Екі қатысушы (астаналық және алматылық) «күміс» жүлде және үш қатысушы (екі алматылық және бір тараздық) «қола» жүлдеге ие болды.

Астана қаласындағы «дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің» 9-сынып оқушысы Айбар Ошақбаев 33-ші орын (126 қатысушы арасынан) алып, күміс медальді жеңіп алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе